Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Автор: | 3 июля, 2025

 

Сіздерді 4 шілде күні сағат 11:00-де «Рухани жаңғыру» саябағында өтетін Астана күніне және Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты мерекелік шараға шақырамыз!

Бұл — Тәуелсіз Қазақстанның рухын көтеретін, халқымыздың өнері мен мәдениетін дәріптейтін ерекше күн!

Іс-шара аясында:
Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлейді;
Еңбегімен елге үлгі болған азаматтар марапатталады;
«Астанаға тарту» атты патриоттық челлендж — 3000 домбырашы бір мезгілде күй орындап, елордаға ерекше сый жасайды!

Бұл — тек мереке ғана емес, ұлт рухының, бірліктің, өнер мен Отанға деген шексіз махаббаттың көрінісі!

Баршаңызды тарихи сәттің куәсі болуға, еліміздің рухын бірге көтеруге шақырамыз!