Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Шевченко Олег Владимирович 1959 жылы 15 ақпанында Целиноград облысы Алексеевка ауданы Алексеевка қаласында дүниеге келген. 1984жылы Целиноград инженерліқ-құрылыс институтын ауыл шаруашылығы құрылысы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1976 жылы Балқашин ауданының Спасское селосында ауылшаруашылық серіктестігінің жұмысшысы болып бастаған. 1977 жылдан 1979 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Әскерден кейін, 1979 жылдан бастап 1984 жылға дейін Целиноград қаласында иженерлік-құрылыс институтының студенті.1984-1988 жылдары Алексеевка ЖМК-09 құрылыс шебері. 1988-1990 жылдары Алексеевка коммуналдық кәсіпорнының бас инженері.1995 жылы Алексеевка коммуналдық кәсіпорны канализациялық жүйелерінің операторы. 2001 жылдан 2002 жылға дейін «Агропромстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің КСЖ операторы. 2002 жылдан 2003 жылға дейін Степногор ӨЭЖ-сінің құрылыс шебері. 2004 жылы Ақкөл ауданы құрылыс және сәулет бөлімінің жетекші маман міндеттерін атқарушы. 2004-2005 жылдары Ақкөл ауданы құрылыс және сәулет бөлімінің жетекші маманы, Ақкөл қаласы. 2005-2006 жылдары Ақкөл ауданы қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы мен автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, Ақкөл қаласы. 2006 жылдың ақпанынан 2012 жылдың наурызына дейін Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы. 2012-2013 жылдары Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің бастығы болып қызмет етті. 2013 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеуде.
Олег Владимирович өзін қабілетті, талапшыл, сауатты басшы ретінде көрсетті. Кез келген жұмысқа адал қарайды, оны ісімен, ұқыптылықпен атқарады және белгіленген мерзімде орындайды. Өзіне және бағынысты әріптестеріне талапшыл. Мемлекеттік қызметке келгеннен бастап өзін білікті, жоғары кәсіби қасиеттері бар, үлкен ұйымдастырушылық қабілеті бар маман ретінде көрсетуде. Қойылған мақсаттарға жетуде жігерлі және табанды, қызметтік міндеттерін орындауда бастамашылық пен қағидатшылдық танытады.
Оның отаншылдық ұстанымы мен өмірі, оның ауданға деген сүйіспеншілігі кез келген ақкөлдікке ұнамды. Ол өз жұмысында Мемлекет басшысы мен жоғары тұрған басшылық қойған міндеттерді, құрылыс көрсеткіштері мен жоспарларын мінсіз орындауға бағдарланады.
Олег Владимирович кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп жұмыс істейді. Олег Владимирович Шевченконың 18 жыл ішінде Ақкөл ауданының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі айтарлықтай зор. Өзінің көпжылдық адал еңбегі, жоғары іскерлік қасиеттері, адамдық әдептілігі мен табиғи қарапайымдылығы үшін Ақкөл ауданының тұрғындары мен жұмысы бойынша әріптестерінің арасында құрметке ие болды.
Ақкөл ауданы әкімі аппараты
персоналды басқару бірыңғай
қызметі
