Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіздік жылдары құрылған қазақстандық полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау міндетін мінсіз атқарып келеді.
Оған әр уақытта білікті мамандарымен, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, тұрақтылықты нығайтудағы еселі еңбегімен ерекшеленген Ақкөл аудандық ішкі істер ұжымының да қосқан үлесі өте зор.
Біз бүгін ішкі істер органдарының қайнар бастауында тұрған, оның қалыптасып, дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген ардагерлерге шынайы ырзашылығымызды білдіреміз. Қызметтік парызын адал атқарған, өз ісінің кәсіби шебері болған абзал ардагерлерімізді әрқашан мақтан тұтамыз.
Сіздерге адамдардың өмірі мен тыныштығын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты аса маңызды міндеттер жүктеледі. Бұл – ауыр да абыройлы міндет. Сондықтан жылдар бойы жинақталған бай тәжірибе мен біліктіліктеріңіз, қазіргі заманғы білім мен ерік-жігерлеріңіздің арқасында алдарыңыздағы межелі міндетті мүлтіксіз әрі мінсіз атқарады деген сенімдемін.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, адал қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт және еңбекте табыс тілеймін.
Ақкөл аудандық мәслихат хатшысы Ж. Салыбекова
