Әдемі Ғабитқызы Гонконгқа жасаған сапары барысында университет басшылығымен және жасанды интеллект саласының танымал профессорларымен кездесті.
Профессорлар Әдемінің терең біліміне, логикалық ойлау қабілетіне және зияткерлік дайындығына жоғары баға беріп, Қазақстандағы білім беру сапасына сүйсініс білдірді.
«Әдемінің арқасында Гонконгта қазақстандық оқушылардың дарыны мен РФММ мектебіндегі ерекше зияткерлік орта жайлы айтыла бастады. Біз оны шын жүректен құттықтаймыз және осы жетістікке жетуіне жол ашқан ұстаздары мен тәлімгерлеріне алғысымызды білдіреміз», – делінген мектеп таратқан хабарламада.
