Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С 65-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:: «3. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы орталық алаң, Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 71.»;
8 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «8. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Еңбек мәдени-спорт кешені ғимаратының алдындағы алаң, Еңбек ауылы, Бейбітшілік көшесі, 37.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Наумов ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Наумовка ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, 19.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Наумовка ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, № 1 үйден Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Наумов ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына дейін.»;
16 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «16. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Новорыбин ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Новорыбинка ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, 12.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новорыбинка ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, № 2 үйден Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Новорыбин ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына дейін.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Урюпин ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Урюпинка ауылы, Кенесары атындағы көшесі, 66.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
4-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы орталық алаң, Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 71, шекті толтырылу нормасы 100 адам;»;
4-тармақтың 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Еңбек мәдени-спорт кешені ғимаратының алдындағы алаң, Еңбек ауылы, Бейбітшілік көшесі, 37, шекті толтырылу нормасы 30 адам;»;
4-тармақтың 14-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Наумов ауылдық мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Наумовка ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, 19, шекті толтырылу нормасы 50 адам;»;
4-тармақтың 15-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын
«15) бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Наумовка ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, № 1 үйден Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Наумов ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына дейін, шекті толтырылу нормасы 30 адам;»;
4-тармақтың 16-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «16) Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Новорыбин ауылдық мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Новорыбинка ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, 12, шекті толтырылу нормасы 30 адам;»;
4-тармақтың 17-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Новорыбинка ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, № 2 үйден Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Новорыбин ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына дейін, шекті толтырылу нормасы 30 адам;»;
4-тармақтың 18-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Урюпин ауылдық мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Урюпинка ауылы, Кенесары атындағы көшесі, 66, шекті толтыру нормасы 40 адам;».
- «Ақкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ақкөл аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Салыбекова |
