8 трлн теңгеге жуық қаржы экономиканың басым секторларын қаржыландыруға бағытталады

Автор: | 15 июля, 2025

Бірінші жартыжылдықта «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша басым салаларды қаржыландыру көлемі 2,9 трлн теңгені құрады. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәліметінше, жыл соңына дейін оны 8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Бұл экономикаға қосымша өсім береді – шамамен 1,3 пайыз. Холдингті бюджеттен капиталдандыру екінші жартыжылдықта жалғасатын болады. Бұл біздің нақты сектордың мүмкіндіктерін кеңейтуге қосқан тікелей үлесіміз»,
— деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

До 8 трлн тенге направят на финансирование приоритетных секторов экономики

За первое полугодие объем финансирования приоритетных отраслей по линии холдинга «Байтерек» составил 2,9 трлн тенге. По информации заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина, до конца года планируется довести его до 8 трлн тенге.

«Это даст экономике дополнительный рост – порядка 1,3 процентных пункта. Капитализация Холдинга из бюджета будет продолжена во втором полугодии. Это наш прямой вклад в расширение возможностей реального сектора»,
— резюмировал Жумангарин.

@KZgovernment