Аудан әкімі аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеуін қарап шықты

Автор: | 29 июня, 2022

24 маусымда аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Юрий Курушин ғимаратты монтаждау, бөлшектеу жұмыстарын тексерді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аймақ басшысына Ақкөл аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Айкерім Түменбаева мен учаске бастығы Ерболат Әбубәкіров хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында «Ақкөл қаласындағы аудандық Мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы жүзеге асырылуда. Жұмыстар ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жүргізілуде, жөндеу жұмыстарын орындау үшін мердігер болып «КазЕвроСтрой» ЖШС анықталды.
Осы жобаны іске асыру кезеңі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Қазіргі уақытта бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде және ойықтарға құм-саз қоспасын себу жұмыстары басталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі