Жыл сайын өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Урюпин ауылындағы спорт ғимаратының, атап айтқанда хоккей кортының орнатылу барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Юрий Курушин хоккей қорабын орнату жұмыстарын тексерді.
Өңір басшысына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Урюпин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Гизат Боранбаев мәлімдеді.
Бұл жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Жұмыстар ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жүргізілуде, жөндеу жұмыстарын орындау үшін мердігер болып «Батыс бизнес Трейд» ЖШС анықталды.
Қазіргі уақытта жұмыстар 80 пайызға орындалды.
Өңір басшысы заманауи хоккей кортының болуы спорттық жетістіктер үшін жақсы ынталандыру болатынына және ауылда түрлі жарыстар өткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Осы жобаны іске асыру кезеңі ағымдағы жылдың шілде айының басына жоспарланған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
