Аппараттық кеңес

Автор: | 29 июня, 2022

Аудан әкімдігінде Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушиннің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңесте негізгі үш мәселе бойынша дайындалған баяндамалар тыңдалды.
Экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Р. Гришунина, Ақкөл ауданы бойынша санитарлық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М. Г. Семеренко, «Ақкөл ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК директорының міндетін атқарушы А. Н. Камашев баяндама жасады.
Кеңес барысында Ақкөл ауданының 2022 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, Ақкөл ауданындағы сумен жабдықтау объектілерінің санитарлық-гигиеналық жағдайы, «Ақкөл ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК 2022 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары, сондай-ақ жақын арада орындалуға тиісті басқа да бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімі ағымдағы проблемалық мәселелерді сапалы шешу үшін ауылдық округтер әкімдері мен дербес бөлімдердің бірлескен қызметін жандандыру, қойылған барлық міндеттерді белгіленген мерзімде орындау және т.б. қажет екенін атап өтіп, қала әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.