Қадірлі ақкөлдіктер, баршаңызды еңселі Нұр-Сұлтан қаласы – елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл, шын мәнінде, мәртебемізді көтеріп, мерейімізді өсіретін ел өміріндегі ең елеулі мерекенің бірі.

Автор: | 29 июня, 2022

Қадірлі ақкөлдіктер, баршаңызды еңселі Нұр-Сұлтан қаласы – елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл, шын мәнінде, мәртебемізді көтеріп, мерейімізді өсіретін ел өміріндегі ең елеулі мерекенің бірі.
Осыдан жиырма үш жыл бұрын Қазақстанның бас қаласы алып Алатаудың баурайынан Сарыарқаның сайын даласына көшірілді. Бұл Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың байыпты бастамасымен жүзеге асқан бірегей оқиға, тарихи ерлік еді. Содан бері ол тәуелсіз мемлекетіміздің орталығы ретінде бүкіл дүние жүзіне де жақсы танылып келеді.
Бүгінде астанада халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық іс-шаралар тұрақты түрде өтуде.
Ұлы дала төсіндегі ұлан-байтақ жерінде бой көтерген айбынды еліміздің елордамыз сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілімізді шарықтататады. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Асқақтай бер көркем – Нұр-Сұлтан!
Құрметті жерлестер!
Астана мерекені жаңа жетістіктермен, тың күшпен, шалқар шабытпен қарсы алып отыр. Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз. Баршаңызды осы қуанышты мереке күнімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!
Ақкөл ауданының әкімі, Ю. Курушин