ТҰҚЫМНЫҢ ЖАҚСЫ БОЛҒАНЫ – ӨНІМГЕ КӨҢІЛ ТОЛҒАНЫ…

Автор: | 29 июня, 2022

Тұқым — өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленуші, соның нәтижесінде оның сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатыны ежелден белгілі: егер танапқа сапасыз тұқым себілсе, алынатын өнім төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда топырақты өңдеу мен тыңайтқышты қолданудың да, егістікке жасалған күтім мен жауын-шашын да құр босқа зая кетеді.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында орын алып басты проблемалардың бірі — сапалы тұқымның жоқтығы немесе қолда бар тұқым сапасының нашар болуы.

— Тұқымның сапасыз болуы салдарынан өнімнің 10-дан 20%-ға дейін аз шығуы.

— Шығынның жыл сайынғы тұқым жеткізу шығындарынан көп болуы.

— Тұқым тазалауға арналған техниканың жоқтығы, соның салдарынан ажырауы қиын арамшөп тұқымдарымен қатты ластану.

Біздің мақсатымыз — осы проблемаларды шешуге үлес қосу.

Тараз қаласында орналасқан «TarMetConstruction» компаниясы «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы қолдау көрсетіп отырған инновациялық инжинирингтік кәсіпорын болып табылады. Қазіргі уақытта аталмыш компания тұқымды биологиялық құндылығы (меншікті салмағы) жағынан сұрыптауға және тұқымдық қасиеттері жақсартылған тұқымдарды бөліп алуға арналған аса тиімді жабдықты әзірлеу, өндіру және енгізу жағын қолға алып отыр.

Осы жоба «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ ақшалай қаражаты есебінен қаржыландырылатын ҒҒТҚН-ны коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

Шағын фермерлік шаруашылықтар да, ірі жеке және мемлекеттік агрохолдингтер де біздің әлеуетті клиенттеріміз бола алады.

«TarMetConstruction» компаниясы — тапсырыс беруші сапалы тұқымға қол жеткізіп, көздеген өнімін алуы үшін барынша күш салатын мамандар тобы.

Әмбебап тұқым тазартқыш қондырғы техникалық деңгейі жағынан еуропалық стандарттарға сай келеді, олардан қалыс қалмайды, тіпті бірқатар көрсеткіштері жағынан шетелдік аналогтарынан асып та түседі. Өзіміз өндіріп отырғандықтан біз бәсекеге қабілетті бағадағы кешенді технологиялық шешімдерді, жоғары сенімділік пен сапаны ұсына аламыз. Біз ұсынып отырған шешімдер мен технологиялар Сізге ұзақ мерзімді инвестициядан кепілдендірілген нәтиже алуға мүмкіндік береді.

«TarMetConstruction» компаниясы өндіріп отырған сепаратордың артықшылықтары: бағасы, ұтқырлығы, қолданудың әмбебаптылығы (әртүрлі дақылдар үшін пайдалану мүмкіндігі); вибропневмосепаратордың режимді-конструктивтік жұмыс параметрлерін белгілі бір дақылға және өнімділікке баптау мүмкіндігі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 15-25%-ға арттырып, себуге жұмсалатын тұқым шығынын 10-15%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұқымды себер алдында тазалауға арналған ВПС-500 вибропневматикалық сепараторы

«TarMetConsrtuction» компаниясының мамандары әзірлеп шығарған мақсары тұқымын себер алдында дайындаудың тиімділігін арттыру технологиясы Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, «Құнар» шаруа қожалығының базасында өндірістік апробациядан өткізілді.

Сұрыптау «Иірқас» сортты мақсары тұқымын мысалға алып, тұқымның бастапқы партиясын вибропневматикалық тұқым тазалайтын ВПС-500 сепараторында биологиялық құндылығы (тұқымның меншікті салмағы) жағынан сұрыптау жолымен жүргізілді.

Мақсары тұқымын торлы декада сұрыптау нәтижесінде тұқымның бастапқы массасы 3 фракцияға бөлінеді, олар:

  1. Жеңіл қоспалар мен іші бос тұқымдар
  2. Тығыздығы орташа тұқымдар (тауарлық дән)
  3. Тығыздығы жоғары тұқымдар (тұқымдық дән)

а) Бастапқы дәндер                                    б) Жеңіл қоспалар мен іші бос тұқымдар           в) Сұрыптаудан кейінгі тығыз дәндер

Мақсары тұқымының сұрыптауға дейінгі және сұрыптаудан кейінгі фракциялары

 Далалық зерттеулер нәтижесінде, мақсары («Иірқас» сорты) тұқымын себер алдында дайындау кезеңінде вибропневматикалық тұқым тазалайтын ВПС-500 сепараторын қолдану, вибропневматикалық сепараторда алдын ала өңделмеген мақсары тұқымымен салыстырғанда өнімділіктің 30,42%-ға (4,05 ц/га) артуына ықпал ететіндігі анықталды.

Әзірленген сепараторды енгізудің жылдық экономикалық тиімділігі,  амортизациялық аударымдарды ескере келе, 1 га-ға шаққанда 606,8 АҚШ долларын құрады.

Вибропневматикалық тұқым тазалайтын ВПС-500 сепараторын қолданудың технологиялық тиімділігі мынада:

* тұқымдық материалды тұқымның өнімділігі (биологиялық құндылығы) жағынан сұрыптау;

* тұқымдық қоспалардан ажырауы қиын, табиғи жеңіл қоспаларды бөлу;

* жәндіктер зиянын тигізген зақымдалған тұқымдарды бөлу;

* өсімдік сапасының алуан түрлі болуын азайту.

Жасап шығарылған вибропневматикалық тұқым тазалайтын ВПС-500 сепараторын ауылшаруашылық кәсіпорындарында қолдану шетелдік аналогтармен салыстырғанда келесідей артықшылықтары барын көрсетті:

* әртүрлі дақылдардың тұқымдарын меншікті салмағы жағынан бөлу мүмкіндігі;

* бойлық көлбеу бұрышы бар деканы пайдалану есебінен құрастырылымы мен күйге келтірудің қарапайымдылығы;

* сұрыптау процесінде тұқымдар зақымданбайды (жалған сұйылған қабатта өңдеу);

* оңтайлы режимді-конструктивтік жұмыс параметрлерін белгілі бір дақылға арнап күйге келтіру мүмкіндігі.

«Не ексең, соны орасың» деген дана халқымыз. Олай болса көктемнің әр күні жылға азық екенін естен шығармай, жақсы өнімге қол жеткізу үшін тұқымдыққа сапалы да, тиімді материалды пайдалана білейік.

Біз ұсынған өнім көздеген мақсатыңызға бастар жол болмақ!

Отандық өнімнің қолданылу аясын өзімізден бастайық!