Аталған нормативтік-құқықтық акт бойынша азаматтарды шақыру туралы SMS-хабарламалар жіберу арқылы ұялы байланыс нөміріне және «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетке хабарлама жолдау көзделген.
Электрондық шақыртуда азаматтың жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) келіп, медициналық тексеруден өту қажеттігі көрсетіледі. Осы тексеру нәтижесінде шақыру комиссиясы азаматтың қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылдайды. Бұл – шақырылушыны хабардар етудің заңды әрі ресми түрі ретінде танылады.
Аталған норма 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, қағаз түріндегі шақырту да қолданыстан алынбайды, яғни оларды пайдалану жалғаса береді.
Armia.kz x.com Insta t.me YouTube FaceBook Aitu
https://t.me/modgovkz
