Межэтникалық келісім – Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығының жарқын нышаны.

Автор: | 28 августа, 2025

Ол әртүрлі мәдениет, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың өзара үйлесім таба отырып, сенім мен өзара құрметке негізделген орта қалыптастыра алатынын көрсетеді.

Дәл осындай келісімнің арқасында біз бейбітшілікті сақтап, тұрақтылықты нығайтып, ортақ мақсаттарға бірге ұмтылып, елімізді одан әрі қуатты әрі табысты ете түсеміз.

Бұл құндылық күнделікті өмірде де айқын көрініс табады: халықтар арасындағы сыйластық, ортақ мерекелерді бірге тойлау, бір-бірінің тілі мен дәстүріне құрметпен қарау – барлығы да ынтымақтың белгісі. Осындай рухани жақындық біздің қоғамымызды мықты етіп, болашағымызды жарқын етеді.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің Ақкөл ауданы бойынша филиалы төрайымы
Ахтышхан Ханша