«Прокуратура балаларды қорғауда»

Автор: | 29 июня, 2022

Ақкөл ауданы прокуратурасының ерекше бақылауында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау мәселесі тұр.

Жүргізілген тексеру арқылы Ақкөл қаласының балалар үйінде және Урюпинка ауылының балабақша-мектеп интернатында қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қозғайтын көптеген бұзушылықтар анықталды.

Бұзушылықтар балалардың өмір сүруі, сапалы білім алу үшін қауіпсіз жағдайлардың жоқтығынан, тамақтану рационының сақталмауынан және алименттерді өндіріп алу кезінде әрекетсіздіктен анықталды.

Анықталған бұзушылықтар балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, олардың құқықтарын бұзған.

Прокуратура араласқаннан кейін, өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының бұзушылықтары жойылды, тамақтану рационы ретке келтіріліп және тәрбиеленушілердің пайдасына алимент өндіру бойынша шаралар қабылданған.

Тексеру нәтижесі бойынша 9 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 16 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1115 мүгедек баланың құқығы қорғалды.

Ақкөл ауданының прокуратурасы