Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қосішекті қарадомбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген.
Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухтык үмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем. Атаданбалаға аманат болған осындай асылқазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпаздарға алғыс айтамын. Домбыра мерекесі құтты болсын! Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін.
Ақкөл аудандық мәслихат хатшысы Ж. Салыбекова
