Құрметтіақкөлдіктер!

Автор: | 29 июня, 2022

Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің бас қаласы Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Мұнда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халық аралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Ол Еуразияның кіндік қаласына – елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.

Нұр — сұлтан – халқымыздың мақтанышы, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Біркездері қатардағы қалалардың бірі болған елордамыз аз ғана уақыт ішінде миллион тұрғыны бар, экономикалық, саяси және рухани орталыққа, өркениеттің сындарлы пікір талас алаңына, ынтымақтастық пен жаhандық қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын анықтайтын орынға айналды. Ол – әлемдегі ең әсем қалалардың бірі. Жарқын астанамыз одан әрі өркендейберсін, біз ол үшін барлық күш жігерімізді жұмсауымыз қажет.

Қымбатты жерлестер!

Қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы                                                                                   Д. Салыбекова