Аудан әкімі жұмыс сапарымен қаланың әлеуметтік нысандарын аралады

Автор: | 5 июля, 2022

Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушин жұмыс сапарымен қаланың бірқатар әлеуметтік нысандарын, атап айтқанда «Рассвет» балалар сауықтыру лагерін және «Imak Trade» ЖШС-ін аралады.
Қала бойынша жұмыс сапары аясында аймақ басшысының Ақкөл қаласының балалар үйінің директоры Қазбекова Ботагөзмен бірге сапары «Рассвет» балалар сауықтыру лагерін аралаудан басталды. Бұл лагерь 1976 жылы салынған. Қазіргі уақытта демалушы балалар саны 133 адамды құрайды, қызмет көрсетуші персонал құрамы 70 адамды құрайды. Демалушылардың жас санаты — 3 жастан 18 жасқа дейін. Ағымдағы жылы лагерде «Ақкөл қаласының № 1 балалар үйі» КММ тәрбиеленушілері, Ақкөл ауданы Урюпинка ауылындағы интернат тәрбиеленушілері демалады. Осы жазда ашық бассейннің құрылыс жұмыстары басталды.
Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы «Imak Trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты. Кәсіпорын 27 адамды жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік қызметінің негізгі бағыты — бидай ұнын өндіру. Өңір басшысына ағымдағы жұмыс пен қол жеткізілген жетістіктер туралы айтылды. Аталған кәсіпорын 2018 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Кәсіпорынның құрылтайшысы Алмас Дәулетжанұлы Мұхамедин болып табылады. Өндірістің жобалық қуаты тәулігіне 50 тонна ұнды құрайды.