Аудандық әкімдікте Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушиннің төрағалығымен Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста негізгі екі мәселе бойынша дайындалған баяндамалар тыңдалды.
«Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ворсин Михаил Юрьевич және «Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Иманкулова Сандугаш Сабырқызы баяндама жасады.
Кеңес барысында есепке қою және тұрғын үй бөлу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелері қаралды.
Кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімі мемлекеттік қызметтерді стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетуді жалғастыру, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын күшейту, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру бойынша жұмысты жалғастыру, еңбек қатынастары, мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
