Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Автор: | 11 июля, 2022

Аудан әкімдігінде Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Жанбота Салыбековтың төрағалығымен Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста негізгі үш мәселе бойынша дайындалған баяндамалар тыңдалды.
Ақкөл аудандық ПБ ӘПБ басшысы А. Р. Салихов, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Ж. Салыбеков, «Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Ю. Ворсин баяндама жасады.
Кеңес барысында Ақкөл ауданының автомобиль жолдары бойында үй жануарларын жаю ережелерін бұзу, автомобиль жолдары бойынша ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылауды қамтамасыз ету, рейдтік іс-шаралар өткізу және жолаушыларды заңсыз жеке тасымалдаумен айналысатын адамдарға әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау мәселелері қаралды.
Кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімінің орынбасары ТКШ, ЖК, АД және ЖИ бөлімі ауыл шаруашылығы жануарлары макеттерінің орналасу орнын Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен және Ақкөл ауданының әкімшілік полиция бөлімімен келісу, ауыл шаруашылығы жануарларының 4 макетін дайындау және орнату үшін аудандық бюджеттен ақшалай қаражат бөлуге бюджеттік өтінім дайындау қажеттігін атап өтті.​Ақкөл ауданының әкімшілік полиция бөлімшесі ЖПҚ — мен бірлесіп Ақкөл ауданының жолдары бойынша үлкен жүк таситын автомашиналардың жүріп өтуі жөніндегі мәселені бақылауға алсын, автомобиль көлігі туралы заңнаманы бұзуға жол бермеу және «заңсыз» тасымалдаушылардың қызметінің жолын кесу жөніндегі іс-шараларды тұрақты жүргізу туралы тапсырма берді..