Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушин Урюпин ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары аудан әкімі орынбасарының, дербес бөлімдер басшыларының, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларының қатысуымен жүзеге асырылды.
Ауылдық округ бойынша жұмыс сапары аясында аймақ басшысы округ әкімі Досмұхамбетов Айдоспен бірге спорттық ғимаратты, атап айтқанда Урюпин ауылындағы хоккей кортын қараудан бастады, әкім хоккей қорабын орнату бойынша жұмыс процесін көрді.
Бұл жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Жұмыстар ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жүргізілуде, жөндеу жұмыстарын орындау үшін мердігер болып «Батыс бизнес Трейд» ЖШС анықталды.
Өңір басшысы заманауи хоккей кортының болуы спорттық жетістіктер үшін жақсы ынталандыру болатынына және ауылда түрлі жарыстар өткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Бұдан кейін аудан әкімі Мало-Александров ауылдық мәдениет үйі ғимаратындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді.
Мало-Александров ауылдық клубы 1964 жылы салынып, 2010 жылы жөнделіп, пайдалануға берілді.
2022 жылға облыстық бюджеттен Малоалександров ауылдық клубының ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізуге жалпы сомасы 18416,0 мың теңге қаржы бөлінді, «MONARCH PRO» ЖШС-мен 12294,7 мың теңге сомаға шарт жасалды., директоры — Қожахметов Рүстем Қайратұлы.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары 2022 жылдың 22 сәуірінде басталды. Жобаны іске асыру кезеңі 2022 жылғы 1 мамырдан бастап 31 тамызға дейін.
Бұдан кейін Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы «Юность» балалар сауықтыру лагеріне барды, онда балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының жетекшісі – Теміржанов Шыңғыс балаларды сауықтыру және демалу процесі туралы айтып берді. Лагерь балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру мен тәрбиелеудің өте маңызды миссиясын орындайды. Демалушы балалардың жас санаты: 7 жастан 17 жасқа дейін. Балалар бір қабатты ғимараттарда тұрады және жас санаттары бойынша отрядтарға бөлінеді. Ауысым бойы әр отрядқа: тәулік бойы балалармен бірге болатын, олардың бос уақытын өткізетін, отрядтың тәртібі мен эмоционалды көңіл-күйін бақылайтын тәрбиеші мен кеңесші бекітілген. Аға тәлімгер мен тәлімгерлер құрамы тәрбиешілермен бірге балалардың белсенді демалуына ықпал ететін, ең бастысы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыратын спорттық, танымдық, ойын-сауық іс-шаралары мен ойындарға толы бағдарламаны қалыптастырады, ұйымдастырады және өткізеді. Балалар ойын конкурстарын, бағдарламаларды, викториналарды, жарыстарды өткізуге белсенді қатысады. Сондай – ақ балалардың қауіпсіздігі туралы ұмытпайды-әңгімелер, тіршілік қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізіледі, ТЖБ өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады. Аумақ қоршалып, лагерь күзетшілері күзетеді.
Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы Урюпинка ауылының демалыс саябағын, сондай-ақ Юрий Викторовичке осы инфекцияның себептері мен оны жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндалды.
Нысандарды аралауды қорытындылай келе, Юрий Курушин құрылыс жұмыстарының сапасына тиісті назар аудару қажет екенін атап өтті.
