Ақкөл аудандық сотының кеңейтілген жалпы отырысында Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен тағайындалған Ақкөл аудандық сотының төрағасы Жанат Теміровті таныстырды.
Кеңеске Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушин, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас Алин, аудандық мәслихаттың хатшысы Жұлдызай Салыбекова, қала әкімі, дербес бөлімдер мен аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы қатысушыларды Жанат Құлатайұлының өмірбаянымен таныстырып, жұмысына табыс тіледі, сондай-ақ аудандық сот төрағасы қызметіне кірісуімен өзінің кәсібилігін пайдалана отырып, сот төрелігін жүзеге асыру және заңның үстемдігін және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кезінде жоғары жауапкершілік танытатынына сенім білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
