Жазғы каникул — балалар үшін демалыс, саяхат пен жарқын сәттерге толы кезең. Жаз мезгілі жазатайым оқиғасыз өтуі үшін ШҚО ПД қызметкерлері әр отбасыға арналған қауіпсіздік ережелері қамтылған профилактикалық мультфильм дайындады.
Білгеніңіз абзал
Балаларды өзен, көл немесе бассейн жанында қараусыз қалдырмаңыз.
Серуендеу, велосипед және самокат тебу кезінде жол жүру ережелерін үнемі еске салып отырыңыз.
Бала жүретін таныс аумақтың өзі ересектердің ұдайы назарында болуы тиіс.
Балаларға ғаламторда бейтаныс адамдармен сөйлесуге және жеке деректерді бөлісуге болмайтынын түсіндіріңіз.
Қауіпсіздік туралы жиі сөйлесу балаларға кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
♂️ Полиция ата-аналарды жазғы каникул кезінде балалар қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Әрбір баланың жазғы демалысы жарқын, мазмұнды әрі қауіпсіз болсын!
POLISIA.KZ
