Егемен Қазақстанды бүгінде әлем түгел біледі. Тәуелсіздігін мойындап, тұғырлы елді өздерімен тең тұтады. Бұл әр қазақстандық үшін мақтан тұтар жағдай. Экономикасы қарыштап, әлеуметтік ахуалы алға басқан, құқықтық жүйесі қалыптасқан елдегі қазақ тілінің қазіргі халі ғана баршамызды ойландырары даусыз. Өйткені, туған тілімізге мемлекеттік мәртебе берілгенімен, оның қағаз жүзінде қалып келе жатқаны ешкімге де жасырын емес. Қазақ тіліне қызуғышылық, құрмет танытқан адам отыз жылдың ішінде тілді толықтай меңгеріп алатын еді ғой. Қалай болғанда да, туған тілімізді табалдырықтан оздырмай отырған өзге емес, өзіміз ғана. Ал, бізде әлі күнге дейін тілді үйрену жоғарылардың бұйрықтарымен іске асатындай біреудің нұсқауын, тапсырмасын күтетіндер бар.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде түсінген бір жайт — ол қазақ тілін ешкімге күштеп оқыту мүмкін емес. Тілдің тұғырын төмендетпес үшін ең алдымен — патриот ұрпақ, елін, жерін сүйетін ұл-қызды тәрбиелеуге көңіл бөлген жөн.
Ақкөл аудандық сотының бас маманы Г.Абдибахиева
