Процеске қатысушылар және өзге адамдардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтаруынан, олар болмаған кезде одан әрі қарау мүмкін болмаған жағдайларда, сотқа құрметтемеушілік білдіру, сот отырысында төрағашылық етушінің өкіміне бағынбау, сот ғимаратында тәртіпті бұзу, сондай-ақ сотпен белгілеген тәртібіне және сотқа құрметтемеушілік көрсету туралы куәландыратын өзге де әрекеттер үшін ескерту немесе 10-нан 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе үш тәуліктен бес тәулікке дейін әкімшілік қамау, бір жыл ішінде қайта жасалған болса 20-дан 30 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе бес тәуліктен он тәулікке дейін қамауға алу көзделген.
Сотқа жүгінген азаматтар сот ғимаратында және сот отырысында тәртіпті сақтап, жауапкершілік туралы естен шығармай, мәдениеттілікті таныту қажет.
Ақкөл аудандық сотының Аға сот приставы М.Маукешов
