Ақкөл ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді

Автор: | 11 июля, 2022

Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқарбек Сьезбекұлы Үйсімбаев келді.
Сапар барысында депутат аудан әкімі Юрий Курушинмен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, атқарылған жұмыстар мен ауыл басшылығының жоспарларымен танысты.
Депутаттың жұмыс сапары Домбыралы ауылында орналасқан «Грин Агро Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралаудан басталды, депутат құс (бөдене, қырғауыл) өсіретін, жұмыртқа мен ет сататын шаруашылықтың материалдық базасымен танысты.
Директор Ахметова Зилиха Сапарқызы «Грин Агро Фуд» ЖШС 2020 жылы құрылғанын айтты. Бүгінгі күні мемлекеттік құрылымдарда (Ақкөл қаласының сәулеті ММ, СЭС және экология министрлігі) қызметті ресімдеу және мал басын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорын 11 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Грин Агро Фуд ЖШС жұмыртқа мен ет сату үшін құстарды (бөдене, қырғауыл) өсіруге маманданған. Сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін мал шаруашылығы базасын қайта құру және қайта жоспарлау жұмыстары жүргізілуде.
Одан әрі Асқарбек Сьезбекұлы Юрий Викторовичпен бірге Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінде орналасқан «Кенебай» ШҚ болды. ШҚ қызметінің негізгі түрі: қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіру, жылқы өсіру, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ІҚМ басы 280 бас, жылқы басы-133 бас бар.
Жұмыс сапарының соңында Мәжіліс депутаты «Толы сервис» шаруа қожалығына барды. Аталған шаруашылық 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Кәсіпорын 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Шаруашылық қызметінің негізгі бағыты-қой шаруашылығы. 1000 бас асыл тұқымды қой сатып алу жоспарлануда-деді ауылдық округ әкімі Идрисов Самат.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі