Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Дементьева келді.

Автор: | 11 июля, 2022

2022 жылғы 7 шілдеде Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Григорьевна Дементьева жұмыс сапарымен Ақмола облысының Ақкөл ауданына келді.
Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас Алинмен бірге Наталья Григорьевна ҚР Қорғаныс министрлігінің 55209 әскери бөлімінде болып, бөлім құрамының қолбасшысымен кездесті. Әскери бөлімнің бүгінгі таңдағы проблемалық мәселесі санчастағы медицина кадрларының тапшылығы болып табылады. Содан кейін аудандық орталық ауруханаға барып, медициналық мекеме ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кадрлар тапшылығының және медицина қызметкерлері үшін тұрғын үйдің болмауының проблемалық мәселелері, стационар ғимаратын жөндеу және аурухана автопаркін толық ауыстыру қажеттігі туралы айтылды.
​Аудан әкімдігінде өткен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында қала тұрғындарымен келесі мәселелер айтылды: — ауданның бірнеше округтерінде мал жаю және жем-шөп дайындау үшін жерлердің жетіспеушілігі; — Қына ауылды сумен қамтамасыз ету және Азат ауылынан Саздыбұлақ ауылына дейінгі облыстық маңызы бар жолды жөндеу мәселелері, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, медициналық сақтандыру мәселелері бойынша, — дәрі-дәрмектер мен тауарлардың бағасын көтеру туралы мәселелер қаралды.