Ақмола облысының әкімі Ақкөл ауданының әлеуметтік нысандарын аралады

Автор: | 19 июля, 2022

13 шілдеде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Ақкөл ауданына келді.
Аудан бойынша жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушинмен бірге 1971 жылы салынған аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу барысымен танысты. Биыл «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында облыстық бюджеттен 268,4 млн теңге бөлінді. Мәдениет мекемесі көп ұзамай заманауи көрініске ие болады: желтоқсанға қарай оның аумағында тас төсемдер салынады, ғимараттың қасбеті, сахна, көрермен залы, екі хореографиялық зал жаңартылып, жарықтандыру және сумен жабдықтау жүйелері ауыстырылады. Облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ғимаратқа кіру мүмкіндігі бар ма деп сұрады, жұмысты сапалы орындап, уақытында аяқтауды бұйырды.
Өңір басшысы туристік нысан-қонақ үй емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысын оң бағалады. Құны 1,8 млрд.теңге болатын жобаны «Sirius Plus» ЖШС өз қаражатына жүзеге асырады. Кәсіпорын жұмысты 2022 жылдың үшінші тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр. Ақкөл тұрғындары мен қала қонақтары әдемі, жайлы 5 қабатты қонақ үй кешенінде демалып, сауықтыра алады. Онда тұруға арналған корпус, мейрамханалар, әкімшілік және техникалық аймақтар, стандартты пәтерлер мен люкс бөлмелері болады. Сонымен қатар монша кешені, 10 орындық тұрақ, балалар алаңы және барбекю аймағы қарастырылған.
Сондай-ақ, аймақ басшысы № 1 жалпы білім беретін мектепте болды. Мектеп ғимараты — 1978 жылы салынған, мұнда күрделі жөндеу алғаш рет жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 293,7 млн.теңге бөлінді. Келесі жылы қазандықты жөндеу және мектеп аумағын абаттандыру жоспарлануда.
Облыс әкімі сондай – ақ «Ақылды қала» жолдарында асфальт төсеу сапасын бағалады — Ақкөл ауданының тұрғындары халықпен есеп беру кездесулері кезінде осы мәселемен жүгінді.