Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас Алин азаматтарды жеке қабылдады.

Автор: | 19 июля, 2022

Азаматтарды қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көмек көрсету, атап айтқанда жеке үйдің қасбетін жөндеу, атыс тир сату, дәрі-дәрмек сатып алу, жеке мәселелер және т. б. мәселелер қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында объективті түсініктемелер берді. Азаматтардың мәселелерін оңтайлы шешу үшін, осы қызмет саласына жетекшілік ететін бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.